Екі салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Карл Фрэмптон қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші кездесуде кім жеңіске жететінін айтты, деп жазады fightnews.info порталы.
"Альваресте бұл жолы үлкен басымдық бар. Ол соңғы кездесуінде жеңілгеніне қарамастан Головкиннен мықты. Себебі қазақстандық боксшының жасы 40-тан асты. Ол бұрынғыдай мықты емес. Головкин Муратаны оңай жеңді. Бірақ бұл кездесуде ол керемет күшті болмады. Ол біраз қиындықтарға тап болады. Адам баласы жеңе алмайтын нәрсе - уақыт.
Менің ойымша, бұл кездесуді тым кеш ұйымдастырды. Бұл айқасты бірнеше жыл бұрын өткізу керек еді. Сол кезде Головкиннің мүмкіндігі көбірек болатын. Муратаға қарсы кездесуде оның әлсіз тұстары көрінді. Дегенмен қара күшінің арқасында жеңіске жетті. Головкин - өз дәуіріндегі ең үздік панчерлердің бірі. Жойқын соққы көп боксшыға басымдық береді. Алайда бұл жекпе-жекте емес.
Алдағы кездесуде секундтар маңызды рөл ойнайды. Ал Головкинде жылдамдық бұрынғыдай емес. Мен Головкиннің жеңіске жеткенін қалаймын. Десе де бұл кездесуде "Канелоның" мерейі үстем болады", - деді Фрэмптон.
Айта кетейік, Головкин мен "Канело" кездесуі 17 қыркүйек күні өтеді. Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы сарапқа салынады.