Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
BoxRec порталының ақпараты бойынша, оның қарсыласы 33 жастағы өзбекстандық боксшы Бахыт Абдурахимов (10-14, 4КО) болады. Жекпе-жек 22-тамыз күні Қарағанды қаласында өтеді. Айқас төрт раундқа жоспарланған.
30 жастағы Ералиев әуесқойлар арасында 2017 жылы 56 кило салмақта әлем чемпионы атанған. Ал 2013 жылы қола жүлде иегері болған. Сонымен қатар, ол 2015 және 2017 Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңген.
Одан бөлек, боксшымыз 2015 жылы "Астана арландары" сапында өнер көрсеткен.