Жартылай орта салмақта WBO белбеуінің иегері Теренс Кроуфорд Top Rank промоутерлік компаниясы мен оның басшысы Боб Арумды сотқа берді, деп жазады New York Post басылымы.
Шағым Невада штатында берілген. Онда Кроуфорд промоутерді нәсілдік дискриминацияға жол берді деп айыптаған. Сол үшін де ол ондаған миллион доллар табатын үлкен айқасқа шыға алмаған.
Инсайдер Әлімханұлы мен Андраде арасындағы айқастың қашан өтетінін айтты
Еске салайық, Крофорд 2021 жылдың қараша айында Аруммен жұмыс істеуін тоқтатқан еді. Ол еркін агент болып, Эррол Спенспен кездесуді ұйымдастыруға ниетті екенін айтты.
Айта кетейік, Арум мен Top Rank компаниясы орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жектерін ұйымдастырады. Ал Кроуфорд пен Спенс біздің Данияр Елеусіновтің салмағында жұдырықтасатын боксшылар.