Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекзат Нұрдәулетовтің (5-0, 2 КО) келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Adal Promotions таратқан ақпарат бойынша, Нұрдәулетов шаршы алаңға 1 қазан күні Люблин (Польша) қаласында қайта шығады. Оның қарсыласы грузиялық Яго Кизирия (6-8, 4 КО) болады.
Айта кетейік, Нұрдәулетов соңғы кездесуін 11 маусым күні Ақтау қаласында өткізді. Михаил Коханчикке (4-1, 4 КО) қарсы өткен кездесуде ол төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.
Еске салайық, Нұрдәулетов 2019 жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған.