Профи-бокс
30 мамыр 2022 15:43

Әлем чемпионы атағы сарапқа салынған айқас атыспен аяқталды

©cnn.com

Америкалық боксшылар Джервонта Дэвис (27-0, 25 КО) пен Роландо Ромеро (14-1, 12 КО) арасындағы айқастан кейін 18 адам зардап шекті, деп жазады Allboxing.ru порталы. 

Бұл жағдай 28 мамыр күні Бруклин қаласындағы Barclays Center спорт кешенінде болды. Жекпе-жектен кейін спорт кешенінде оқ атылғаны естілген. Осыған байланысты адамдар абдырап, ғимараттан тез шығудың қамын жасаған. Осыдан 18 адам зардап шегіп, оның кейбірі жеңіл жарақат алған екен. 

Кейіннен Нью-Йорк қаласының полиция бөлімшесі тергеу жұмыстарын өткізген. Бірақ оның қорытындысы бойынша оқ атқан адамды анықталмады. Бұл бокс кешінде 19 мыңға жуық адам болды. Олардың араларында Мадонна және Наоми Осака секілді танымал тұлғалар да бар. 

Айта кетейік, бұл кездесуде Дэвис Ромероны алтыншы раунда нокаутқа түсірді. Осылайша Джервонта жеңіл салмақта WBA World белбеуін жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport