Әлем чемпионатының орнына. Қамшыбек Қоңқабаев жаңа бапкерін таныстырып келесі кездесуі туралы мәлімдеме жасады

©instagram.com/kamshybek_kunkabayev/

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіне дайындығын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Әуесқой бокста Қазақстан құрамасы капитаны дайындығын Мәскеу қаласында өткізуде. Кәсіпқой бокстағы жекпе-жегіне байланысты Қоңқабаев Қазақстан құрамасымен бірге әлем чемпионатына бармайтын болды. 

"Бүгін Мәскеуде менің жаңа бапкерім Андрей Ивичукпен бірінші жаттығуды өткіздік. Танысқаныма өте қуаныштымын. Келесі кездесуге жақсы дайындықпен шығамын деп үміттенемін", - деп жазды Қоңқабаев Instagram парақшасында. 

Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі жыл соңында Алматы қаласында өтеді. Ивичук бұған дейін өзге қазақстандық Батыр Жүкембаевпен жұмыс істеген. 

 

 
 

 

Напомним, на прошедшей в Токио Олимпиаде-2020 Кункабаев завоевал бронзовую медаль.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар