Профи-бокс
24 тамыз 2017 17:34
 
Әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақ боксшылары

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионатында жеңіске жеткен қазақ боксшылары

25 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Германияның Гамбург қаласында әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Айтулы дода осымен үшінші рет неміс жерінде өткелі отыр. Атап айтсақ, 1982 жылы бұл жарысты Мюнхен және 1995 жылы Берлин қабылдаған болатын. Қос бәсекеде аса жоғары деңгейде ұйымдас­тырылып, үлкен бокс мерекесі енді Солтүстік теңіз бен Эльба өзендерінің түйіскен жерінде орналасқан әсем шаһарда өткелі отыр.
Бокстан әлем чемпионатының тұсауы 1974 жылы кесілді. Төрткіл дүниенің әр қиырынан жиналған жуан жұдырықты жігіттердің жолы тұңғыш рет Кубаның астанасы – Гаванада түйіскен еді. КСРО деп аталатын алпауыт мемлекет тарих сах­насынан келмеске кеткенге дейін айтулы жарыс тағы бес мәрте ұйымдастырылды. Бұл бәсекелерді Югославияның Белград (1978 жыл), ГФР-дың Мюнхен (1982 жыл), АҚШ-тың Рино (1986 жыл), КСРО-ның Мәскеу (1989 жыл) және Австралияның Сидней (1991 жыл) қалалары қабылдады. Кеңес Одағы тұсында дүниежүзілік додаға Қазақстанның санаулы ғана былғары қол­ғап шеберлері қатысты. Сол сайыпқы­ран­дардың арасынан Валерий Рачков (1978 жылы) пен Игорь Ружников (1989 жылы) чемпиондық атаққа қол жеткізсе, Серік Қонақбаев (1982 жыл) пен Александр Мирошниченко (1989 жыл) күміс медальді кеуделерінде жарқыратты. Міне, сол за­ман­да бар-жоғы осы төрт жерлесімізге ғана жеңіс тұғырынан қол бұлғау бақыты бұйырды.

Есесіне тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан әлемдік бокс державаларының бірі ретінде өздерін түбегейлі мойындатты. Енді жерлестеріміздің сол жарыстарда қалай өнер көрсеткені жайында егжей-тегжейлі баяндайық…

1993 жыл. Тампере (Финляндия)
Суоми еліне сапар шеккен қазақстандық боксшылар арасынан Василий Жиров қана үздіктер қатарынан көрінді. 75 келі салмақта күш сынасқан ол қола медальді иеленді. «Балқаштың барысы» швейцариялық Фран­ческо Пассанате мен украиналық Андрей Хамуланы ұтып, жартылай финалда түркиялық Ақын Кероғлыдан (2:9) есебімен ұтылды.
Ширек финалда сүрінгендер: Нұрлан Қалыбаев (57 келі), Нұржан Сманов (67 келі) және Николай Кульпин (+91 келі).
Бастапқы кезеңдерді ұтылғандар: Болат Жұмаділов (48 келі), Бектас Әбубәкіров (51 келі), Болат Теміров (54 келі) және Аркадий Топаев (71 келі).

1995 жыл. Берлин (Германия)
Неміс жерінде Болат Жұмаділов пен Василий Жиров жүлдегерлер санатына қосылды. 51 келі салмақта бақ сынаған Тараздың түлегі шотландиялық Пауль Шеп­херд, украиналық Сергей Ковганько, франциялық Рашид Буайта және фин­ляндиялық Джони Труненге тізе бүктіріп, финалда ринг қожайыны Злотан Лункаға (6:11) есе жіберді. Нәтижесінде, Болат күміс жүлде алды. 81 келі салмақ дәрежесіне ауысқан «Балқаштың барысы» эстониялық Эрвин Шелманис, швейцариялық Исмаил Конені қапы қалдырғанымен, жартылай финалда Антонио Тарверге (6:9) жол берді. Василийге қола медаль бұйырды.
Ширек финалда сүрінгендер: Болат Ниязымбетов (63,5 келі) пен Виктор Шторм (+91 келі).
Бастапқы кезеңдерді ұтылғандар: Сұл­-тан Әбдіразақов (48 келі), Болат Теміров
(54 келі), Бақтияр Тілегенов (57 келі) Алек­сей Зубов (60 келі), Нұржан Сманов (67 келі) және Ермахан Ыбырайымов (75 келі).

1997 жыл. Будапешт (Венгрия)
Мажарстанда Ермахан Ыбырайымов пен Болат Жұмаділовтің өнері көпшіліктің кө­ңілінен шықты. 71 келі салмақтағы Ерма­-хан бас жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрі­ніп, күміс медальді иеленді. Өзбек­стандық Икром Бердыев, болгариялық Эмиль Крастев, египеттік Мұхаммед Хи­-­кал және түркиялық Еркумен Асланның тас-талқанын шығарған қазақ боксшысы финалда небәрі екі ұпай айырмашы­лы­ғымен Куба қабыланы Альфредо Дювер­гельден (7:9) ұтылды. 51 келі салмақта өнер көрсеткен Болат қола жүлдені қанжыға­сына байлады. Ол мексикалық Мартин Кастильо, словакиялық Петер Балаз және өзбекстандық Әлішер Рахымовқа сан соқ­тырып, ресейлік Ильфат Рязаповтан (6:10) жеңілді.
Ширек финалда сүрінгендер: Құралбек Бұқаров (54 келі), Руслан Мусинов (60 келі), Ермек Нысанов (75 келі) және Серік Өмірбеков (+91 келі).
Бастапқы кезеңдерді ұтылғандар: Мұрат Қасенов (57 келі), Аслан Егубаев (63,5 келі), Нұржан Сманов (67 келі), Рүстем Тұрсын­ханов (81 келі) және Самат Мұсатаев
(91 келі).

1999 жыл. Хьюстон (АҚШ)
Америкадағы дода Қазақстан спорты тарихында алтын әріптермен жазулы. Осы жарыста боксты серік еткен қазақтың ұлы тұңғыш рет әлем чемпионы атағына қол жет­кізді. Бұл белесті бағындыру Болат Жұмаділовтей дара туған ұлдың пешене­-сіне жазылған екен. Хьюстонда 51 келі салмақта күш сынасқан Тараз бокс мек­тебінің түлегі түркиялық Сүлейман Рек­доған, армениялық Вахтанг Дарчинян, америкалық Джон Медина, польшалық Андреж Рзани және аргентиналық Омар Наваресті атойлап ұтты.
Алыптармен айқасқан Мұхтархан Діл­дәбеков (+91 келі) финалда Синан Самил Санмен тең түсті. Есеп – 4:4. Бірақ төре­шілер Түркия боксшысының қолын кө­терді. Соның алдында грузиялық Леван Меквадишвили, германиялық Ченгиз Кох және италиялық Паоло Видосты сабаған Мұхтархан күміс медальді иеленді. 71 келі салмақтағы Ермахан Ыбырайымов қола жүлдегер атанды. Бұл жарыста ол герма­ниялық Аднан Гатик пен италиялық Клау­дио Перуджинио жеңіп, кубалық Хорхе Гутьерестен (11:12) бір ғана ұпай айырма­шылығымен ұтылды.
Ширек финалда сүрінгендер: Серік Елеуов (54 келі), Нұржан Сманов (67 келі) Вячеслав Бурба (75 келі) және Серік Өмірбеков (91 келі).
Бастапқы кезеңдерді ұтылғандар: Бақ­тияр Тілегенов (57 келі), Руслан Мусинов (60 келі) және Батырхан Жақсыбаев (63,5 келі).

2001 жыл. Белфаст (Ирландия)
Белфасқа барғандар арасынан жалғыз Галиб Жафаровтың жұлдызы жанып, күміс медальді еншіледі. 57 келі салмақта қолғап түйістірген ол аргентиналық Гектор Перес, кубалық Юниер Барзага, таиландтық Са­ти­сак Самаксан және швециялық Меджид Делилиді жеңіп, финалда түркиялық Рамази Палианиден (RSCO) ұтылды.
Бастапқы кезеңдерді ұтылғандар: Рауан Шурабаев (51 келі), Асан Сексенбаев (63,5 келі), Батырхан Жақсыбаев (67 келі), Мақсат Бақтыбазаров (71 келі), Рустам Іргебаев (+91 келі), Марат Мәзімбаев (54 келі), Серік Елеуов (60 келі), Бауыржан Қайырменов (75 келі) және Магомед Адамов (91 келі).

2003 жыл. Бангкок (Таиланд)
Бангкокта Қазақстанның қос бокс­шысы әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Олар – Галиб Жафаров (57 келі) пен Генна­дий Головкин (75 келі). Галиб қырғыз­стандық Жаһангер Абдоллаевты, кубалық Юденис Гонсалес, таиландтық Сатисак Самаксан, кореялық Хван Чо Сеок және Қазақстанда туып, Германияға қоныс аудар­ған Виталий Тайбертке тізе бүктірді. Генаның ресейлік Матвей Коробов, ирлан­диялық Энди Ли, румыниялық Лучиан Буте, кубалық Йорданис Дэспайн және украиналық Олег Машкиннен мерейі үстем болды.
Ширек финалда сүрінгендер: Бақтияр Артаев (69 келі) пен Ербол Бабаев (91 келі).
Бастапқы кезеңдерді ұтылғандар: Жан­дос Жұмабеков (48 келі), Қанат Әбу­тәліпов (51 келі), Нұржан Кәрімжанов (64 келі), Бейбіт Шүменов (81 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (+91 келі), Берік Серікбаев
(54 келі) және Руслан Мусинов (60 келі).

2005 жыл. Миньянг (Қытай)
Аспанасты елінде де қос алтынды ол­жа­ладық. Бұл жолы Серік Сәпиев (64 келі) пен Ердос Жаңабергенов (81 келі) барша жан­күйерлерге қуаныш пен шаттық сыйлады. Серік словакиялық Павел Хлаваска, аме­ри­калық Карл Дарган, украиналық Микола Семеняга, әзірбайжандық Эмиль Магер­рамов және өзбекстандық Ділшод Мах­мұтовты ұтса, Ердос кореялық Хак Сунг Сок, австралиялық Бен МакЕрган, тунис­-тік Мұрад Сахаури, өзбекстандық Өткір­-бек Қайдаров және хорватиялық Марио Сиво­личаны жеңді. Біржан Жақыпов
(48 ке­лі), Мират Сәрсембаев (51 келі) және Бақтияр Артаев (69 келі) қола жүлдені еншіледі.
Ширек финалда сүрінгендер: Берік Серікбаев (57 келі).
Бастапқы кезеңдерді ұтылғандар: Ген­на­дий Головкин (75 келі), Жеңіс Таумұрынов (91 келі), Рустам Іргебаев (+91 келі), Міржан Рақымжанов (54 келі) және Дулат Боранқұлов (60 келі).

2007 жыл. Чикаго (АҚШ)
Чикагода Серік Сәпиев (64 келі) екінші мәрте әлем чемпионы атағына қол жет­кіз­-ді. Қандасымыз сербиялық Милан Пи­пески, никарагуалық Эдуардо Мендоза, канадалық Кевин Бизер, ирандық Мұртаза Сепахванди, жапониялық Масатсуги Ка­вачи және ресейлік Геннадий Ковалевты айқын басымдықпен ұтты. Бақтияр Артаев (75 келі) пен Еркебұлан Шыналиев (81 келі) үшінші сатыға жайғасты. Жартылай фи­налда Бақтияр венесуэлалық Альфонсо Блан­кодан (7:15) ұтылса, Еркебұлан өзбек Абош Атоевқа (7:15) айтарлықтай қарсылық көр­сете алмады.
Ширек финалда сүрінгендер: Бақыт Сәр­секбаев (69 келі).
Бастапқы кезеңдерді ұтылғандар: Мір­жан Рақымжанов (54 келі), Мират Сәр­сембаев (51 келі), Рустам Іргебаев (+91 келі), Мақсат Оспанов (57 келі), Біржан Жақыпов (48 келі), Мерей Ақшалов (60 келі).

2009 жыл. Милан (Италия)
Апеннин түбегінде жалғыз Серік Сәпиев қана жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жар­тылай финалда ресейлік Андрей Замковойға жол берген ол қола медальді қанағат ұтты.
Ширек финалда сүрінгендер: Қанат Әбутәліпов (54 келі) пен Рустам Сыбаев (64 келі)
Бастапқы кезеңдерді ұтылғандар:
Әді­лет Қапезов (48 келі), Данияр Үстембаев (81 келі), Ержан Мүсәпіров (57 келі), Ғани Жайлауов (60 келі), Азамат Белгібаев (75 келі), Василий Левит (91 келі), Олжас Сәттібаев (51 келі) және Иван Дычко (+91 келі).

Одан кейін тағы үш әлем чемпионаты өтті. Бұл бәсекелерді Әзірбайжанның Баку (2011 жылы), Қазақстанның Алматы (2013 жыл) және Катардың Доха (2015 жыл) қалалары қабыл­дады. Осы жарыстарда біздің жігіттердің қалай өнер көрсеткені жайында газеттің келесі санында баяндайтын боламыз.

Жарнама

Живи спортом!