Александр Усик Тайсон Фьюридің келесі қарсыласы кім болатынын айтты

©Коллаж

Аса ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF белбеулерінің иегері Александр Усик осы салмақта WBC ұйымының чемпионы Тайсон Фьюри Сауд Арабиясында кіммен жекпе-жек өткізетінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұған дейін Фьюри "Сауд Арабиясының патшасы қайта оралады. Жақында үлкен жаңалық болады", - деп мәлімдеме жасады. 

Осыған орай украиналық XSPORT порталы инстаграм парақшасында оқырмандарынан Фьюри Сауд Арабиясында кіммен жұдырықтасады деп сұрады. 

"Менімен", - деп жауап берді бұл сауалға Александр Усик. 

Айта кетейік, 34 жастағы Усик кәсіпқой бокста 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол жуырда британдық Энтони Джошуаны жеңіп, WBA, IBF, WBO және IBO белбеулерін жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар