Профи-бокс
17 наурыз 2019 13:54
 
АҚШ-та жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы америкалықты нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

АҚШ-та жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы америкалықты нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов АҚЩ-та өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Голливудта өткен бокс кешінде қазақстандық 25 жастағы боксшы америкалық Брэндон Адамспен жұдырықтасты. 

Жекпе-жек алты раундқа есептелген, алайда үшінші кезеңде кездесу мерзімінен бұрын техникалық нокаутпен аяқталды. 

Айта кетейік, Сағадаттың бұрышында Қазақстан құрамасының бапкері, "Астана-Арланс" өкілі Марат Жәкиев болды. 

Еске салайық, Рахманқұловтың мүддесін америкалық Top Rank промоутерлік компаниясы және Боб Арум жүргізеді. Бұл компания Василий Ломаченко және Теренс Кроуфорд сынды танымал боксшылармен жұмыс істеп келеді. 

Фото: Vesti.kz©

Жарнама

Живи спортом!