auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ақпан айында жекпе-жек өткізетін қазақстандық кәсіпқой боксшылар

Ақпан айында жекпе-жек өткізетін қазақстандық кәсіпқой боксшылар
vk.com
Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген қазақ боксшыларының жетістіктері көңіл қуантады. Мұхит асып, құрлық басып, жетістікке жетіп, күрзі жұдырығының күшімен күллі әлемге танылып үлгергендері де баршылық.

Ақпан айында қазақстандық боксшылар кезекті жекпе-жектерін өткізеді. Назарларыңызға осы кездесулер жайлы қысқа аңдатпа ұсынамыз.

10 ақпан. ДИВС. Екатеринбург (Ресей)
Станислав Калицкий (Қазақстан, 3-0-0, 3КО) - Евгений Смелов (Ресей, 3-5-0, 2КО)


Жеңіл салмақта өтетін боксшылар арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

13 ақпан. "Дом Печати". Екатеринбург (Ресей)
Дәулет Дәукенов (Қазақстан, 3-0-0, 1КО) - Антон Веселовский (Украина, 2-0-0, 1КО)


6 раундтық кездесу бірінші жартылай орта салмақта (63,5 келі - 140 фунт) өтеді.

13 ақпан. "Дом Печати". Екатеринбург (Ресей)
Мейіржан Жақсылықов (Қазақстан, 10-3-0, 4КО) - Акжол Сулаиманбек Уулу (Қырғызстан, 9-0-0, 4КО)


8 раундтық кездесу екінші жартылай жеңіл салмақта (58,9 келі - 130 фунт) өтеді.

17 ақпан. Орландо, Флорида (АҚШ)
Арман Рысбек (Қазақстан, дебют) – қарсыласы белгісіз


4 раундтық кездесу екінші орта салмақта (76,2 келі - 168 фунт) өтеді. Қазақстандық боксшы желтоқсан айынан бері кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізе алмай келеді. Бірінде қарсыласы денсаулығына байланысты шаршы алаңға шықпаса, бірінде қарсыласы жұдырықтасуға келмей қалды.

23 ақпан. Санкт-Петербург (Ресей)
Айдос Ербосынұлы (Қазақстан, 7-0, 6 КО) - Ұлықбек Хакбердиев (Өзбекстан, 4-0, 2 КО)

WBA Asia чемпиондық атағына таласады

Орта салмақта (72,6 кг) өтетін боксшылар жекпе-жегі 12 раундқа жоспарланған. Екі боксшы да осыған дейін кәсіпқой бокста жеңілмеген. Айдос 7 жекпе-жек өткізіп, оның 6-да қарсыласын нокаутпен ұтып шыққан. Ал өзбек боксшысы 4 кездесуінде де жеңіске жеткен. Боксшылар WBA Asia чемпиондық атағына таласады.

Айдос Ербосынұлы жеңіске жетсе WBA нұсқасы бойынша үздік 15 боксшының қатарына қосылады.



Ақпан айында жекпе-жек өткізуі мүмкін қазақстандық боксшылардың бірі – Жан Кособуцкий. Алдын ала мәлімет бойынша кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуін ақпанның екінші жартысында (шамамен 20-на таман) Минск қаласында өткізеді. Қарсыласы әлі анықталмаған.

29 жастағы Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы мансабын өткен жылдың қыркүйегінде бастап, латвиялық Эдгарс Калнарсты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Қарашада және желтоқсанда ол беларусь спортшысы Олег Заблотский мен украиналық Александр Нестеренконы жеңді.

Ақпан айында шаршы алаңға шығатын және кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Қосымша: өзге тағы ресми жекпе-жектер өтетін болса хабарлайтын боламыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама