Абылайхан Жүсіпов қарсыласын бірінші раундта талдырды

©instagram.com/suleimen_promotions_official

Бокстан әуесқойлар арасындағы Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны (1-0, 0 КО) АҚШ жеріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жүсіпов Миннеаполис (Миннесота штаты, АҚШ) қаласында кездесу өткізіп, мексикалық Эдгар Рамиреспен (18-20-1, 14 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы айқас төрт раундқа жоспарланған еді. Бірақ бірінші раундта Жүсіпов қарсыласын нокаутпен жеңді. 

Осылайша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. Ал Рамирес 21 мәрте жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар