Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Хұсайыновтың кезекті қарсыласы анықталды. Отандасымыз 31 наурыз күні Монреальда (Канада) мексикалық боксшы Хильберто Месамен жұдырықтасады.
Абылайхан кәсіпқой бокстағы 8-ші жекпе-жегіне шығады. Осыған дейінгі 7 жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Ал 23 жастағы қарсыласы осыған дейін 12 кездесу өткізген. 8 жеңіске жетіп, 3 рет ұтылған. 1 кездесуін тең өткізген.
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қос боксшы арасындағы кездесу 8 раундқа жоспарланған.
Монреальдағы бкос кешінде Батыр Жүкембаев та шаршы алаңға шығады. Ол да мексикалық боксшы Ноэ Нуньеспен (18-5-1, 13 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесу де 8 раунд болып бекітілген.

Жарнама