Әбілхан Аманқұлдың кәсіпқойдағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

©ҚФБ

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 4 маусым күні өткізетін болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

24 жастағы Аманқұл кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін Миннеаполис (Миннесота, АҚШ) қаласында өткізеді. Оның қарсыласы америкалық боксшы Девонте Макдональд (1-0, 1 КО) болады. Орта салмақтағы бұл кездесу төрт раундқа жоспарланып отыр. 

Ал осы бокс кешінің басты айқасында америкалық Стивен Фултон отандасы Даниэль Романға қарсы екінші жеңіл салмақта WBC және WBO белбеуіне таласады. 

Айта кетейік, Аманқұл - 2017 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, ол 2018 жылы Азия ойындарында күміс, және 2019 жылы Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар