Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағанбет Мексикада өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді

©

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жектерін Мехикода (Мексика) өткізеді.

Екінші орта салмақтағы боксшы, WBA International белдігінің иегері Бек Нұрмағанбет мексикалық Лусиано Чапарро Араухомен (6-5-3, 3 КО), кездессе, орта салмақтағы спортшымыз Әбілхан Аманқұл жергілікті Йеассона Пачеко Сервантесамен (6-0, 3 КО) жұдырықтасады.

Бокс кеші 22 қазан күні Мексиканың бас қаласы Мехикода өтеді

Спорттық бәсеке "DAZN" платформасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар