Әбілхан Аманқұл кәсіпқойдағы алғашқы қарсыласын сұлатты

©instagram.com/suleimen_promotions_official

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Миннеаполис (Миннесота штаты, АҚШ) қаласындағы бокс кешінде 24 жастағы Аманқұл америкалық Девонте Макдональдпен (1-0, 1 КО) жұдырықтасты. Орта салмақта өткен бұл кездесу төрт раундқа жоспарланған еді. Алайда үшінші раундта Аманқұл қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы карьерасын сәтті бастады. Ал Макдональд бірінші рет жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар