auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Абель Санчес Головкинді "қартайып қалды" деген мамандарға жауап берді

Абель Санчес Головкинді "қартайып қалды" деген мамандарға жауап берді
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бас бапкері Абель Санчес отандасымызды "қартайып қалды" деген мамандарға жауап берді. 

Головкиннің қартайып қалғаны туралы бұған дейін ESPN арнасының комментаторы Тедди Атлас пен НВО арнасының сарапшысы Гарольд Ледерман айтқан болатын. Мұндай тұжырымды мамандар Головкиннің Келл Брук пен Дэниэль Джейкобспен өткен кездесуден кейін шығарып отыр. Бірақ Санчес олардың ойларымен келіспейді екен. 

"Иә, Головкинді қартайып қалды деп жүрген адамдар бар. Бірақ Головкинді "Канеломен" өтетін кездесуде фоварит санайтындар да бар екенін айта кеткен жөн. Әркімнің өз пікірі, өз ойы бар. Бұл біз үшін үйреншікті жағдай. Осылай болу да керек. 

Бір сұрақ қоюға рұқсат беріңіздерші. Неге жас туралы сауал Ковалев пен Уорда арасындағы кездесуде, Мозли Мейвезерді нокдаунға түсірген кезде қойылған жоқ? Сондықтан да әркімнің өз ойы бар деген пікір айтқым келеді", - деп келтіреді Санчестің сөзін Boxingnews24.com порталы. 

Сондай-ақ бапкер не үшін Головкин 16 қыркүйек күні Сауль "Канело" Альваресті (49-1-1, 34 КО) жеңетінін түсіндіріп берді: "Бұл менің болжамым емес. Егер сіздер Головкиннің соңғы он кездесуін қарасаңыздар, оның барлығы нокаутпен аяқталғанына куә боласыздар. Алдағы кездесуге де біз дайындығымызды өзгерткен жоқпыз. Сондықтан Головкин бұл кездесуде нокаутпен жеңіске жетеді деп ойлаймын", - дейді Санчес. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы кездесу Лас-Вегас қаласындағы 20 мың жанкүйерге арналған T-Mobile спорт кешенінде өтеді. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы PPV жүйесі бойынша көрсетеді. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама