auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Абель Санчес Головкин мен МакГрегор арасындағы жекпе-жекке түбегейлі қарсы

Абель Санчес Головкин мен МакГрегор арасындағы жекпе-жекке түбегейлі қарсы
maxim.com сайтының коллажы
Қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG мен UFC чемпионы Конор МакГрегор арасында жекпе-жек өткізу ойына қарсы шықты.

"Мұндай ешқашан болмайды деген үміттемін, бұл мен бірден бас тартатын жекпе-жек болады. Тіпті мұндайды талқылауға да толығымен қарсымын.

Бұл жерде мәселе жеңіл ақшада ғана емес. Бұл жекпе-жекке лайықты көптеген өзге боксшылар да бар. Головкинмен жұдырықтасу оларға жақсы табыс әкеледі. Басынан көп дүниені өткеріп, осындай мүмкіндіке жету үшін шыдап келген боксшыларға әділ болу керек", - дейді Санчес iFL TV арансына берген сұхбатында.

Еске салайық, 26 тамызда МакГрегор Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaсында бес салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион Флойд Мейвезермен жұдырықтасады. Жекпе-жек бокс ережелері бойынша өтеді. Ал қос спортшы да бұл кештен 100 миллион доллар табыс көретіні хабарланған.

16 қыркүйекте дәл осы аренада Головкин мен "Канелоның" жекпе-жегі болады. Бұл екі оқиға да ақылы трансляция жүйесі арқылы көрсетіледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама