Профи-бокс
20 ақпан 2018 11:46
 
Абель Санчес "Головкин қартайды" деген жанкүйерлерге жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Абель Санчес "Головкин қартайды" деген жанкүйерлерге жауап берді Головкин және Санчес. Сурет: vk.com/ggolovkin

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бас бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының қартайып бара жатқаны туралы және Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы екінші кездесуінде жеңілсе не болатыны жайлы айтып берді. 

"Головкин қартайып жатыр ма, білмеймін. Мен уақытты басқара алмаймын. Жаттығу залында мен бұрынғы Головкинді көріп жүрмін. Әрине, біз сегіз жылғы бұрын жаттығуға қарағанда, қазір шамалы басқаша дайындаламыз. Өйткені, ол есейді. Бірақ Головкиннен жылдамдық және тактика жағынан біреу үстем түспейтін болса, мен оны қартайды деп айта алмаймын. Дегенмен әлі ондай болған жоқ. "Канело" бірінші кездесуде үстем түсе алмады. 

Егер Головкин "Канелодан" жеңіліп қалатын болса, көп нәрсе жекпе-жектің өзіне байланысты болады. Альварес Головкиннен шынымен үстем болатын болса, біз жағдайға шынайы қарау керекпіз. Ал егер жекпе-жек теңдей өтіп, жеңіс мексикалыққа бұйыратын болса, онда әңгіме бокстағы кәсіпте деген сөз", - дейді Санчес On the Ropes Boxing порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу 5-мамыр күні болады. Бірақ жекпе-жектің қазір нақты қайда өтетіні белгісіз болып тқр. Кездесуді қабылдауға Лас-Вегастағы T-Mobile Arena және Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешендері қабылдауға ниетті.

Жарнама

Живи спортом!