Мэнни Пакьяоның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды
Мэнни Пакьяо. Сурет: boxingscene.com
Мэнни Пакьяоның (59-7-2, 38 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум филиппиндік боксшы шаршы алаңға 14 сәуір күні Нью-Йорк қаласында оралатынын айтты.
39 жастағы Пакьяо Теренс Кроуфорд пен жартылай орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Джефф Хорн арасында өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді.
"Біз қазір төрт боксшымыздың келісімшартымен жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде Кроуфорд пен Пакьяо да бар. Барлық жұмыс жақсы жүріп жатыр", - дейді Арум latimes.com порталына берген сұқбатында.
Пакьяоның келесі келесі қарсыласы 37 жастағы америкалық боксшы Майк Альварадо (38-4, 26 КО болуы мүмкін. Бірақ бұл әлі нақты ақпарат емес.
Еске салайық, Пакьяо соңғы кездесуін 2017 жылдың шілдесінде Австралияда Хорнмен өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. Алда филиппиндік боксшы Хорн мен Кроуфорд арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездесуі де мүмкін деген әңгіме бар.

Жарнама