48 жастағы боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізуге ниетті

©DAZN

48 жастағы бұрынғы әлем чемпионы, аргентиналық Серхио Мартинес орта салмақтағы WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Қазір орта салмақтағы WBA Super титулы қазақстандық Геннадий Головкинге тиесілі, ал "тұрақты" чемпион кубалық Эрисланди Лара. Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы өткен айда қос боксшыға жекпе-жек өткізу туралы келіссөзді бастауды тапсырды.

"ESPN KnockOut бағдарламасында Серхио Мартинес WBA тұжырымы үшін кездесудің өткенін асыға күтіп жүргенін, содан кейін ұйымның қазіргі орта салмақтағы чемпиондары Лара немесе Головкинмен кездескісі келетінін айтты", - деп жазады Boxeo de Campeones басылымы.

Айта кетейік, Мартинес орта салмақтағы WBA рейтингісінде үшінші орында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар