45 жастағы әлемнің бұрынғы чемпионы бес жылдан кейін карьерасын қайта жалғастырмақшы

Серхио Мартинес. Сурет: Reuters©
Бірінші орта және орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Серхио Мартинес ұзақ уақыт үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Оның келесі кездесуі 22 тамыз күні Испанияда өтеді, деп хабарлайды Аllboxing.ru

Бұл бокс кешін Серхионың Maravillabox Promotions деп аталатын жекпе промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. Жекпе-жектер Торрелавега қаласында өтеді. Шаршы алаңға Серхио Мартинестен бөлек 34 жастағы бірінші жартылай жеңіл салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Кико Мартинес пен 27 жастағы орта салмақтағы Еуропа чемпионы Серхио Гарсия шығады. Шоуға қатысатын боксшылардың қарсыластары әлі белгісіз. 

Бұған дейін 45 жастағы Мартинес бірнеше рет боксқа қайта оралатыны туралы айтқан еді. Соңғы рет ол 2014 жылдың шілдесінде шаршы алаңға шықты. Ол кезде Мигель Коттодан жеңіліп, орта салмақта WBC белбеуінен айырылып қалды. Сол кездесуде Мартинес тізесінен жарақат алды. 

Айта кетейік, Мартинас карьерасында Мартин Мюррей, Мэтью Макклин, Хулио Сезар Чавес секілді мықты боксшыларды жеңген. 




Жаңалықтар