Кәсіпқой бокс
1 тамыз 2017 10:44
 
Әли Ахмедов WBC чемпиондық белбеуі үшін өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахметов Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жастар арасындағы чемпиондық атағы үшін жекпе-жегі туралы және алдағы кездесудегі қарсыласы туралы баға берді.

Жекпе-жек Техас штатындағы Остин қаласында 19 тамызда өтеді. 22 жастағы қазақстандықтың қарсыласы әлі жеңіліп көрмеген 23 жастағы америкалық Кертис Хилл. Америкалық боксшы он жекпе-жектің бесеуін нокаутпен жеңген.

"Қазір жекпе-жекке дайындалып жатырмын, бар күшімді салып. Сегізінші жекпе-жегімнің өзінде ең абыройлы тұжырымның чемпиондық атағы үшін жұдырықтасатыныма қуаныштымын, жастар арасындағы болса да.

Тынбай жаттығып жатырмын. Менің бар ойым - осы атақты елімізге алып келу.

Қарсыласым туралы айтсам, ол жақсы боксшы, жас әрі жеңіліп көрмеген. Біздің жекпе-жек қызықты болады деген ойдамын", - деп келтіреді Ахметовтың айтқанын ВКонтакте желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобы.

Еске салайық, Ахмедов соңғы рет  1 шілде күні АҚШ-та жұдырықтасқанда  Кенат Холландты бір жарым минутта нокаутқа түсірген болатын. Осылайша ол өзінің алғашқы атағына - NABF (Солтүстік Американың бокс федерациясы) қол жеткізген. Нокауттың видеосын мына жерден көре аласыз.

Жарнама

Живи спортом!