Аса ауыл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың (10-0, 10 КО) қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылар анықталды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Дычконың келесі кездесуі ендігі айдың басында АҚШ жерінде өтеді. 31 жастағы отандасымызға қарсылас болуы мүмкін деген үш боксшы бар.
Олардың біріншісі - 34 жастағы америкалық Джонатан Райс (14-6-1, 10 КО). Ол шілде айында отандасы Майкл Коффиді (12-1, 9 КО) жеңген.
Екіншісі - 34 жастағы америкалық Кассиус Чейни (21-0, 14 КО). Бұл боксшы 14 тамыз күні төрешілердің шешімі бойынша Шонделл Терел Уинтерстен (13-6, 12 КО) үстем түскен.
Үшіншісі - 34 жастағы ресейлік Андрей Федосов (32-3, 26 КО). Ол сәуір айында кезінде Дычконы нокаутқа түсірген Магомедрасул Меджидовты (3-1, 3 КО) жеңген.
Еске салайық, 31 жастағы Дычко қатарынан екі жыл бойы шаршы алаңға шықпай, шілде айында шаршы алаңға қайта оралды. Алматыда өткен аталған боксшы кезінде отандасымыз ресейлік Денис Бахтовты бірінші раундта нокаутпен жеңді.