Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Александр Ковригин (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы бесінші кездесуін өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Берлинде (Германия) өткен бокс кешінде отандасымыз никарагуалық Хосе Эрнандеспен (4-40-1, 3 КО) кездесті. Алты раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бір ауыздан шешім шығарып, жеңісті Ковригинге берді.
Бұл Ковригин үшін кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісі болды. Ал Эрнандес болса 40-мәрте жеңілді.