Орта салмақта өнер көрсететін Камиль Шереметаның ресейлік бапкері Федор Лапин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Fightnews.com порталы хабарлап отыр.
Лапин Шереметадан бөлек тағы бір польшалық боксшы Кшиштоф Гловацкиді де жаттықтырады. Ол да коронавирус жұқтырыпты. Енді оның 12-желтоқсан күні Лондонда WBO белбеуі үшін британдық Лоуренс Околиге қарсы жекпе-жегі де өтпей қалуы мүмкін. Бұл айқас Джошуа мен Пулев арасындағы айқастың андеркартында болуы керек еді.
Загрузка матч-центра...
Жарнама