Профи-бокс
11 қыркүйек 2020 13:40
 
"Жекпе-жек өткізуге дайынмын". "Канело" Головкинмен үшінші кездесуге байланысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

"Жекпе-жек өткізуге дайынмын". "Канело" Головкинмен үшінші кездесуге байланысты пікір білдірді Сурет: DAZN

Орта салмақта WBA Super/WBC Franchise белбеуінің, екінші орта салмақта Regular белбеуінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші кездесу туралы пікірмен бөлісті. 

Еске салайық, бұл екі боксшы бұған дейін 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде екі рет кездесті. Бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелсе, екінші кездесуде төрешілер жеңісті "Канелоға" берді. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі еді. Енді олардың үшінші кездесуі 2021 жылдың мамырында өтеді деген әңгіме бар. 

"Головкинмен кездесу мен үшін қызық емес. Мен оны екі рет жеңдім. Бірақ егер бұл бизнес жағынан бізге ыңғайлы болса, онымен үшінші рет кездесуде келісім беремін", - деп келтіреді мексикалықтың сөзін Infobae.com басылымы. 

Жарнама

Живи спортом!