auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" бірден Головкинмен жұдырықтасу үшін DAZN 40 миллион беруге дайын

"Канело" бірден Головкинмен жұдырықтасу үшін DAZN 40 миллион беруге дайын
Сурет: boxingscene.com
DAZN стимингтік компаниясының басшылары түркиялық боксшы Авни Йылдырымды (21-2, 12 КО) мексикалық кәсіпқой бокстың жарық жұлдызы Сауль "Канело" Альварестің (35-1-2, 36 КО) қарсыласы етіп бекітуге қарсы,- деп хабарлайды Boxingscene.com. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, бұл кездесу 12 қыркүйекте өтуі мүмкін емес. Мексикалық боксшының промоутерлері DAZN компаниясының басшыларымен әлі де келіссөз өткізулері керек. Бұл келіссөзде қарсыласты анықтап, кездесудің уақыты мен сыйақысын бекіту қажет. Басты мәселе қаржыда болып тұр. Альварес америкалық Дэниель Джейкобс пен ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізген кездесу үшін шамамен 40 миллиондай сыйақы алған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты DAZN мексикалық боксшының сыйақысын қысқартуды көздеп отыр. 

DAZN Group басшысы Джон Скиппер "Канелоға" 40 миллион сыйақы беруге дайын. Бірақ, ол үшін мексикалық боксшының қарсыласы мықты болуы керек. Қазір екі тарап Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші кездесуді ұйымдастыруды қарастырып жатыр. 

Компания 40 миллион доллар көлеміндегі сыйақыны Саульге екінші орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері британдық Каллум Смитке қарсы кездесу үшін де беруге дайын емес. Бірақ компания басшылары бұл боксшының кандидатурасын мақұлдаған еді. 

Инсайдер Майк Коппинджердің (The Athletic) мәліметі бойынша, DAZN басшылары "Канеломен" қарым-қатынасын бұзғысы келмеген. Тіпті Альвареске Йылдырымды қарсылас етіп таңдауға да рұқсат берген. Бірақ ол үшін мексикалық боксшы сыйақысын 50 пайызға қысқартуға рұқсат етуі керек. 

Айта кетейік, Альварестің келесі кездесуі 12 қыркүйек күні өтуі мүмкін. Оның командасы DAZN компаниясымен болып жатқан проблемаларға қарамастан бұл күнге белгіленген кездесу кейінге шегерілетіні туралы ешқандай ақпарат таратпады. 










Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама