auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жекте қанша белбеу сарапқа салынады?

Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жекте қанша белбеу сарапқа салынады?
© rsport.ru
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин  мен америкалық динэл Джейкобс арасындағы жекпе-жектің алдындағы соңғы баспасөз жиыны кезінде жанкүйерлердің көбісі отандасымыздың төртінші белбеуінің (IBO тұжырымының чемпионы атағы) жоқ екенін байқап, осы мәселенің төңірегінде біраз сөз қозғады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Жанкүйерлердің көкейіндегі бас сауал - Головкиннің алдағы жекпе-жекте қанша белбеуін ортаға салатыны туралы болды. Біз бұл материалымызда осы сауалдың басын ашып көруді жөн санадық.

Бұрнағы күні кәсіпқой бокстың барлық билігі төрт ұйым - Халықаралық бокс кеңесі (WBC), Халықаралық бокс ассоциациясы (WBA), Халықаралық боксшылардың федерациясы (IBF) және Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBO) ұйымдарына тиесілі. Қазіргі уақытты кәсіпқой бокстың қамытын киген әрбір боксшы ең болмаса осы ұйымдардың біреуінің белбеуін жеңіп алуға тырысады. Ал төрт ұйымның да түгел белбеулерін жеңіп алған саңлақтар ілуде біреу. 



Дегенмен соңғы кездері бұл төрт ұйымнан бөлек, кәсіпқой бокс әлемінде тағы да ел білмеймін атақ-дәрежелер көбейіп кетті. Олардың барлығы да қазір біз санамалап берген федерациялардың ішінде. Тарқатып айтсақ, бүгінде "уақытша чемпион", "суперчемпион", күміс чемпион", "гауһар чемпион" "онжылдықтың чемпионы" осылай ұзын саны көп, бірақ ешкімге дұрыс білмейтін лауазымдап көбейіп кетті. 

Негізі жоғарыда біз санамалап берген ұйымнан бөлек, тағы екінші дәрежелі ұйымдар да бар. Сөзіміз құрғақ болмасын. Мысалы, қазіргі уақытта деңгейі бойынша бесінші орында тұрған Халықаралық бокс ұйымы (IBO) жұмыс істейді. Ұйымның негізі 1988 жылы қаланған. Басқа ұйымдардың мұның басты артықшылығы - боксшылардың рейтингін компьютер арқылы анықтап отырады. Яғни, арнайы автоматтандырылған жүйе ойлап тапқан. Бұл жерде адамның қосалқы факторлары мүлде әсер етпейді. Боксшының бұл ұйыммен байланысы қанша жерден мықты болса да, бұл оған титтей де көмектесе алмайды. Ал WBC ұйымында болса мұндай мәселелердің барлығын ұйымның кеңесі арқылы, жиын барысында шешіліп отырады. Мұның өзі боксшы аз да болса басымдық берері айтпаса да түсінікті жағдай екені белгілі. 

Біздің отандасымыз Геннадий Головкиннің қазіргі уақытта WBC, WBA, IBF, IBO тұжырымдарының төрт белбеуі бар. Коллекциясын толық ету үшін оған қазірше WBO тұжырымының чемпиондық белбеуі жетіспей тұр. Бұл белбеу британдық Билли Джо Сондерстің еншісінде. 



Бұған дейінгі өзінің барлық жекпе-жектерінде ортаға барлық белбеулерін тастап жүрді. Мұндай тәуекел жекпе-жектің қызығын да арттыра түседі. Кейбірі Головкиннің барлық белбеуінен бір мезетте айырылып қалғанын көргісі келсе, енді бірі оның тағы да жарқын жеңіске жеткеніне куәгер болғылары келеді. Сөйтіп, мұндай жекпе-жектерге жанкүйер көп жиналады. 

Головкин тек Келл Брукқа қарсы кездесуде ғана барлық белбеулерін қорғай алмады. Өйткені, WBA екі боксшының салмақ айырмашылығын алға тартып, отандасымызға белбеуін қорғауға рұқсат бермеді. 

Головкин мен Джейкобс жекпе-жегінің алдындағы соңғы баспасөз жиынынан соң да жанкүйерлер арасында IBO бұл атақты қорғауға рұқсат бермей қойды дегенге саятын әңгіме айта бастады. Бұған Головкиннің жиынға тек үш белбеумен келіп, IBO белбеуін алып келмеуі себеп болды. 



Бұлай ойлауға негізі негіз жоқ. Boxrec.com порталында сол күйі жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрт белбеуін де ортаға салады деп тұр. Бірақ бұл сайттың өзінде кейді қателіктер болып тұрады. Сондықтан да IBO-ның ресми сайтын қарағанды жөн санадық. Бұл сайтта да Головкиннің төрт белбеуін ортаға тастайыны жазылып тұр. 

Енді қазақстандық боксшыға барлық белбеулерін ортаға тастау үшін тек салмақ өлшеу рәсімі ғана кедергі болуы мүмкін. Себебі, салмақ өлшегенде қайсыбір боксшының салмағы шектеу қойылған межеден асып кетсе, онда ұйымдардың барлығы да шығым түсірулеріне болады. 



Ал Головкиннің баспасөз жиынына не үшін тек үш белбеуімен келгені қазір белгісіз. Бірінші жиын кезінде төрт белбеу де түгел тұғын. Бұған қоса WBC аталған жекпе-жекте тағы бір белбеу, BoxVal бағдарламасы бойынша жасалған арнайы белбеу де сарапқа салынатынын айтты. 

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама