Профи-бокс
2 мамыр 2018 13:01
 
Головкин мен Мартиросян жекпе-жегі Қазақстанда көрсетіле ме?

  Пікірлер

blog.share

 Головкин мен Мартиросян жекпе-жегі Қазақстанда көрсетіле ме? Сурет ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан

Осы аптада орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 5 мамыр күні Карсон қалашығындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Қазақстандық Qazaqstan мен "Хабар" телеарналарында, сондай-ақ QazSport спорттық арнасының бағдарламасында осы жекпе-жектің трансляциясы әзірге жоқ. 

Головкин мен Мартиросян жекпе-жегі 6 мамырда Астана уақыты бойынша шамамен таңғы 09:00-болады деп күтіледі. Осы бокс кешінде қазақстандық Руслан Мәдиев андеркартта өнер көрсетеді. Оның қарсыласы мексикалық Хесус Перес. Андеркартта өнер көрсететін толық тізіммен мына жерден көре аласыз. 

Еске салайық, америкалық боксшы Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 KO) қарсы кездесуде Головкин WBA (Super), IBO және WBC белбеулерін қорғайды. Ал IBF бұл кездесуді мақұлдамағандықтан, қазақстандық боксшы бұл белбеуін қорғамайды.

Жарнама

Живи спортом!