26-28 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында Суперлига аясындағы Қазақстанның ашық командалық чемпионатының қорытынды IV турының матчтары өтеді.
Жарыс Saryarka үстел теннисі орталығында ұйымдастырылады.
12 клубтың ішінде алтын жүлдеге басты үміткерлер қатарында Altay Pro (Өскемен) және "Қарағанды-1" УГМК (Свердлов облысы, Ресей) командалары бар.
Жарнама