Герасименко бүгін жарыс қожайыны Сео Хундеоктен 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Өкінішке қарай, Кирилл екі мәрте қарсыластан алда тұрып, сол басымдықты сақтай алмаған.
"Кирилдің қарсыласы солақай. Бұл біздің спортшыға айтарлықтай қиындық туғызатыны рас. Бірақ басты мәселе бұл емес. Герасименко екі мәрте 5:1 есебімен алда тұрып, сет соңына қарай жеңісті уысынан шығарып алды. Бірінші сетте ол соққыны дұрыс істемегені үшін ескерту алды да, содан соң ойын мәнерін жоғалта бастады. Ал шешуші сетте ол тағы да есепте алда болғанымен, қателікке бой алдырды", - дейді команданың кеңесші-бапкері Дмитрий Левенко.