Үстел теннисі
Бүгін 16:55
 

Қазақстандық үстел теннисші әлем чемпионатында жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық үстел теннисші әлем чемпионатында жүлде жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

blog.share

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Ол жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті.

Жартылай финалда қазақстандық-ирандық жұп Оңтүстік Корея спортшыларына 0:3 есебімен жол берді. Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алған. Ол аралас жұптық сында чемпион атанса, жекелей сында қола жүлдеге ие болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!