Үстел теннисі
14 қараша 16:56
 

Қазақстандық қарсыласынан Олимпиададағы есесін қайтарып, Исламияада жеңімпазы атанды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық қарсыласынан Олимпиададағы есесін қайтарып, Исламияада жеңімпазы атанды Сурет: Тұрар Қазанғапов

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.

blog.share

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.

Ерлер арасында өткен жекелей сайыстың финалында ол мысырлық Омар Ассармен кездесті.

Герасименко шешуші ойында 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Ассардан кеткен есесін қайтарды.

"Исламиада ұзаққа созылды, оңай болған жоқ. Бірақ, міне, жарыс аяқталды. Үйге жеңіспен оралатыныма қуаныштымын. Бұл - тамаша сезім. Көңіл-күйім керемет.

Жарыс басталар алдында Омар Ассар да келеді деп ойладым. Онымен финалда жолығамыз деп жоспарладым. Олимпиададағы кездесуден кейін одан кеткен есемді қайтарып алғым келді. Ойын оңай болған жоқ, үстелге бейімделу қажет болды. Дегенмен Омарға да оңай болмады, бұл байқалып тұрды.

Әрдайым өз мүмкіндігіңді барынша пайдаланып, неге қабілетті екеніңді көрсету керек. Қарымта алғаныма өте қуаныштымын.

Нәтижесінде екі медальға ие болдым. Әрине, үш жүлде алғым келген. Бірақ бар нәтижеге ризамын. Ең бастысы - Қазақстанға алтын медаль сыйлағаныма қуаныштымын.

Жанкүйерлерге, Ұлттық Олимпиадалық комитетіне, федерацияға, командаға және бас бапкер Эльмира Әлиеваға алғыс білдіремін. Бізге қолдау көрсетіп, барлық жағдайды жасағандарыңыз үшін көп рақмет," - деді спортшы.

Еске салайық, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында да жолыққан еді. Ол кезде мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!