Үстел теннисі
Бүгін 16:10

Қазақстандық жас үстел теннисші Венгриядағы турнирде жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Венгрияның Сомбатхей қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті.

U15 жас санатында қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды.

Жәния жарыс барысында Венгрия, Молдова, Польша және Румыния спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шықты. Алайда шешуші кезеңге жолдама беретін кездесуде Қатар өкіліне есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport