Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Макаода (Қытай) өтіп жатқан әлем кубогінде соңғы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Герасименко әлемнің бірінші ракеткасы, қытайлық Ван Чуцинге қарсы ойнаған болатын. Екі спортшыға да өз тобынан шығу үшін жеңіс қажет болды.
Алғашқы екі партияда Кирилл айтарлықтай қарсылық көрсеткенімен, соңғы екі партияда қытайлық спортшы айқын басымдық танытып, 4:0 (11:7, 12:10, 11:2, 11:5) есебімен ұтты.