Жарнама

Үстел теннисі
Бүгін 15:37
 

Қазақстан тарихта алғаш рет үстел теннисінен ӘЧ-нің 1/8 финалына жетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан тарихта алғаш рет үстел теннисінен ӘЧ-нің 1/8 финалына жетті ©

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алу үшін күреседі.

blog.share

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алу үшін күреседі.

1/16 финалда ұлттық құрама Испания командасымен кездесті. Алғашқы матчта Алан Құрманғалиев Альваро Роблесті 3:1 есебімен жеңді.

Одан кейін Кирилл Герасименко Хуан Пересті дәл осындай есеппен ұтып, Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.

Испаниялық Даниэль Берзоса Айдос Кенжіғұловты 3:1 есебімен жеңіп, есеп айырмасын қысқартты.

Алайда шешуші нүктені Кирилл Герасименко қойды. Қазақстандық спортшы Альваро Роблесті 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Қорытынды есеп - 3:1. Осылайша Қазақстан құрамасы 1/8 финалға жолдама алып, енді Жапония мен Бельгия арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Ал әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады. 1/16 финалда қазақстандық спортшылар Швеция құрамасына 1:3 есебімен есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!