1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Үстел теннисі
25 шілде 2025 15:48
 

Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде үш жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде үш жүлде жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі жалғасып жатыр.

blog.share

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі жалғасып жатыр.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш бірдей жүлдеге ие болды.

Барлық үш жүлде - қола. Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін өткен матчта Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жол берді.

Осы жас санатында Арайлым Сапабек те жартылай финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға қарсы кездесуде 2:3 есебімен есе жіберді.

Тағы бір қола жүлдені Нұрдәулет Азаматұлы (U13) жеңіп алды. Ол жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковпен өткен тартысты кездесуде 2:3 есебімен ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!