Үстел теннисі
Бүгін 16:07

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

©ҚР ҰОК

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалға жолдама алды.

Турнирдің үздік сегіз командасының қатарына қосылу үшін өткен плей-офф кезеңіндегі шешуші кездесуде қазақстандық спортшылар Ирак құрамасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, ұлттық құрама құрлық біріншілігіндегі жарысты жалғастырады. Ширек финалда Қазақстан Жапония құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін топтық кезеңде қазақстандықтар Филиппинді (3:0) және Шри-Ланканы (3:1) ұтқан. Ал плей-офф кезеңінде Малайзия құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Санжар Жұбанов, Айдос Кенжіғұлов және Ескендір Харки өнер көрсетуде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport