Үстел теннисі
Бүгін 11:42
 

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен АЧ-нің ширек финалында ұтылды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен АЧ-нің ширек финалында ұтылды ©ҚР ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды.

blog.share

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды.

Ширек финалда ұлттық құрама Жапония құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді.

Қазақстандықтар кездесуде екі рет алға шықты. Алдымен Кирилл Герасименко Хирото Синозуканы 3:2 есебімен жеңсе, кейін Алан Құрманғалиев Юта Танаканы 3:1 есебімен ұтты. Алайда жапониялықтар ойын барысын өз пайдасына өзгерте алды. Томоказу Харимото Ескендір Харкиді 3:0 есебімен, кейін Кирилл Герасименконы 3:1 есебімен жеңді. Ал шешуші ойында Хирото Синозука Ескендір Харкиден 3:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жүлдеден үмітін үзгенімен, 5-8-орындар үшін бақ сынайды.

Енді қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасымен кездеседі. Екінші жұпта Иран мен Гонконг құрамалары ойнайды. Бұл кездесулердің жеңімпаздары бесінші орын үшін күш сынасса, жеңілген командалар жетінші орынға таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!