Үстел теннисінен Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан WTT Star Contender Doha халықаралық турнирі жалғасуда.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының теннисшілері Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетті. Олар іріктеу кезеңінде ойнап, жарыстың негізгі кезеңіне өте алмады.
Қазақстандық спортшылардың көрсеткен нәтижесі:
Жекелей сайыс:
Ескендір Харки - Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) - 2:3
Сарвиноз Миркадирова - Марьям Али (Қатар) - 3:0
Сарвиноз Миркадирова - Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) - 0:3
Әйелдер арасындағы жұптық сайыс:
Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) - Маника Батра / Дия Читале (Үндістан) - 0:3
Аралас жұптық сайыс:
Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова - Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай) - 0:3
Жарнама