Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы екі жүлде жеңіп алды.
Пара үстел теннисінен сынға түскен отандастарымыз Ардақ Нұрмағамбетов пен Али Махулбеков жеңіс тұғырына көтерілді.
Ардақ Нұрмағамбетов 1 санаттағы А тобында айналмалы жүйе бойынша төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. Осылайша жарыс қорытындысы бойынша қола алды.
Сондай-ақ Али Махулбеков 8 санатта сынға түсіп, жартылай финалға дейін жетті. 1/2 финалда жерлесіміз Чжао Шуайға 3:0 есебімен жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Жарнама