Үстел теннисі
9 желтоқсан 15:45

Жәния Бекмұхамбетова халықаралық турнирде алтын жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Сауд Арабиясының Даммам қаласында өткен халықаралық WTT Youth Contender турнирінде үздік атанды.

Ол U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жәния осы турнирде алты матч өткізіп, олардың барлығында да жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport