Үстел теннисі
22 мамыр 2025 13:02

Герасименко Үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/8 финалына өте алмады

©ҚР ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Дохада (Қатар) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалында жеңіліп қалды.

Отандасымыз бразилиялық Уго Кальдераномен кездесті.

Қазақстандық спортшы алғашқы екі кезеңді өз пайдасына аяқтады. Алайда кейін қарсыласы қатарынан төрт кезеңде жеңіп, жалпы есепте 4:2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Герасименко 1/8 финалға жолдама ала алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport