Үстел теннисі
20 мамыр 2025 11:18

Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде жеңіске жетті

©Үстел теннисінің федерациясы

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Панагюриште қаласында (Болгария) өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста топ жарды.

Ол болгарилық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport