Үстел теннисі
Бүгін 12:31
 

Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Алан Құрманғалиев WTT Youth Smash турнирінде күміс жеңіп алды ©ҚР ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өткен беделді WTT China Youth Smash турнирінде күміс жүлдегер атанды.

blog.share

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өткен беделді WTT China Youth Smash турнирінде күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы U19 жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында Құрманғалиев алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға дейін жетті.

Жартылай финалда отандасымыз Қытай өкілі У Ифэймен тартысты ойын өткізіп, 4:3 есебімен басым түсті.

Шешуші кездесуде Құрманғалиев тағы бір қытайлық теннисші Тан Ижэньмен кездесті. Бұл жолы қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!