Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшесі Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп жатқан Құрманғалиев 1/8 айналымда тайпейлік И Тен Ченді 4:2 есебімен жеңді.
Оның келесі қарсыласы – қытайлық Жуйбо Вэн.
Жастар арасындағы Азия біріншілігі Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатыр.