Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина Токиодағы Паралимпиаданың финалына жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келідегі финалда Байбатина Әзербайжан өкілі Дурсадаф Каримоваға есе жіберді.
Осылайша, ол Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынына түскен Паралимпиаданың төртінші жүлдесі - пауэрлифтингте Давид Дегтярев алтын жеңіп алды және екі дзюдошы Ануар Сариев пен Теміржан Дәулет күміс жүлде иеленді.