Төртінші жүлде. Қазақстандық дзюдошы Токио Паралимпиадасының финалына шықты

©gov.kz

Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина Токиодағы Паралимпиаданың финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келідегі 1/2 финалда Байбатина италиялық Каролина Костаны жықты.

Осылайша, күміс жүлдеге ілініп тұрған Зарина алтынға белдеседі.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан қоржынына Паралимпиаданың үш жүлдесі түсті - пауэрлифтингте Давид Дегтярев алтын жеңіп алды және екі дзюдошы Ануар Сариев пен Теміржан Дәулет күміс жүлде иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар