Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина Токиодағы Паралимпиаданың финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келідегі 1/2 финалда Байбатина италиялық Каролина Костаны жықты.
Осылайша, күміс жүлдеге ілініп тұрған Зарина алтынға белдеседі.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан қоржынына Паралимпиаданың үш жүлдесі түсті - пауэрлифтингте Давид Дегтярев алтын жеңіп алды және екі дзюдошы Ануар Сариев пен Теміржан Дәулет күміс жүлде иеленді.