UFC-дің қазақстандық файтері Шавкат Рахмонов Италияда өткен Паралимпиада-2026 ойындарында жүлде алған отандастарын құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық парашаңғышы Ербол Хамитов жарыста екі жүлде жеңіп алды: алдымен ол классикалық спринтте қола жүлдеге ие болды, кейін 4,5 шақырымдық қуу жарысында (отырып жарысу санатында) алтын иеленді.
"Қазақстан халқын құттықтаймын!", - деп жазды Рахмонов.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарын жалпы жүлделік есепте 18-орында аяқтады. Ұлттық құраманың осы ойындардағы тек Хамитовтың жүлделері болды.
Айта кетейік, Қазақстан атынан жарысқа жеті спортшы қатысты. Олар парашаңғы жарысы мен парабиатлон сайыстарында бақ сынады. Ербол Хамитовтен бөлек, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачова, Нұрлан Әлімұлы және Денис Кобаль жарыс жолына шықты.
Қысқы Паралимпиада-2026 жарыстары 6–15 наурыз аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтті.
Жарнама